Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО лагерінде "Мен адам саудасына қарсымын!" акциясы өткізілді

Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Феникс" үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен бірлесіп, Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай балалар лагерінің демалушылары үшін ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның басты мақсаты – жасөспірімдерді заманауи жаһандық қатерлерден қорғау, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және адам саудасына қатысты қауіп-қатерлер туралы ескерту.

Кездесу жеке қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық тақырыбындағы интерактивті әңгімелесуден басталды. Балалар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды және тәртіп сақшыларынан пайдалы кеңес алды. Оқушыларға интернеттегі күмәнді, жеңіл табыс ұсыныстарына неге сенуге болмайтыны және қауіпті жағдайларды қалай ажыратуға болатыны түсіндіріліп, бейтаныс адамдарға уақытында "жоқ" деп айтуды және ересектерден көмек сұрауды үйретті.

Полиция қырағылық пен хабардар болу – қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанатын ең басты құрал екенін еске салады.

Өскелең ұрпақты кез келген қауіптен тек отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының бірлескен күшімен ғана қорғауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру