Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада халықаралық турнир кезінде қоғамдық қауіпсіздік ерекше бақылауда болады

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турниріне байланысты қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған орай елордада полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен саптық жиын өтті. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер  жұмылдырылды.

Саптық жиынға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Дамир Омаров, Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Әділбеков қатысты.

Жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау және қызмет барысында қырағылық таныту жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Сонымен қатар шетелден келетін қонақтар мен турнир қатысушыларына мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасап, халыққа сапалы сервистік қызмет көрсету қажеттігі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру