Атырау облысында жол жиегіндегі үй жануарларын үркітетін 1 шақырым лента орнатылды
Атырау облысында жол жиегіндегі үй жануарларын үркітетін 1 шақырым лента орнатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қала сыртындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 574 шақырымы “Карабатан” зауыты тұсына жол жиегіне ұзындығы 1 шақырым болатын үй жануарларын үркітетін тоқ көзіне жалғанған (тоқ көзі жануарлар өміріне қауіп төнгізбейді) лента қоршаулары орнатылды.
Аталған қоршаулардың негізгі міндеті - тас жол үстінде жүретін автокөліктердің қауіпсіздігі, яғни үй жануарларының тас жолға шығып кетпеуіне мүмкіндік береді.
- Осындай тоқ ленталарын қала сыртындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдардың елді мекен тұстарына 10 шақырымын орнату жұмыстары жергілікті атқарушы орган мекемелерімен бірлесіп жүргізілуде, - деді полицияда.