Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жол жиегіндегі үй жануарларын үркітетін 1 шақырым лента орнатылды

Атырау облысында жол жиегіндегі үй жануарларын үркітетін 1 шақырым лента орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қала сыртындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 574 шақырымы “Карабатан” зауыты тұсына жол жиегіне ұзындығы 1 шақырым болатын үй жануарларын үркітетін тоқ көзіне жалғанған (тоқ көзі жануарлар өміріне қауіп төнгізбейді) лента қоршаулары орнатылды.

Аталған қоршаулардың негізгі міндеті – тас жол үстінде жүретін автокөліктердің қауіпсіздігі, яғни үй жануарларының тас жолға шығып кетпеуіне мүмкіндік береді.

– Осындай тоқ ленталарын қала сыртындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдардың елді мекен тұстарына 10 шақырымын орнату жұмыстары жергілікті атқарушы орган мекемелерімен бірлесіп жүргізілуде, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру