Атырау облысында жыл басынан бері дін саласында 31 құқық бұзушылық анықталды
Атырау облысында жыл басынан бері дін саласында 31 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Атырау облысы Полиция департаменті Атырау облысы бойынша Дін істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерде заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында 31 діни саладағы әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактілері) – 19, ал ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу фактілер) 12 құқық бұзушылық анықталды.
Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453- бабы және 490-бабы бойынша әкмішілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, оларға қатысты соттың шешімімен барлығы 1 192 523 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.