Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы: Қарағанды облысында 89 бұзушылық тіркелді

Қарағанды облысында “Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы барысында 89 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусымнан бастап Қарағанды облысында “Түнгі қаладағы балалар” республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оған мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда. Іс-шараның негізгі мақсаты – заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын, құқық бұзушылыққа жол беретін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау.

Іс-шара барысында азаматтар көп жиналатын орындар-базарлар, сауда нысандары, вокзалдар бойынша ерекше рейдтер өткізілуде. Сондай-ақ, саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары, үйлердің жертөлелері, ойын-сауық орындары, компьютер салондары, автожанармай құю станциялары, автожуу және жасөспірімдердің болуы мүмкін және шоғырланатын өзге де орындар тексерілуде.

Іс-шараның екі күнінде облыста 730 рейд өткізілді. Нәтижесінде 29 саяжай мен саяжай шаруашылығы, 32 фермерлік және шаруа қожалығы, 174 қолайсыз отбасы, 200 жертөле үй-жайы, 90 автожуу және автожанармай құю станциясы, 24 теміржол вокзалдары мен автовокзалдар, 98 ойын-сауық мекемесі, 29 компьютер салоны және 55 шағын аудандар тексерілді.

Құқық бұзушыларға қатысты барлығы 89 әкімшілік материал жасалды. Осылайша, кәмелетке толмағандардың 73 заңды өкілі балалардың тұрғын үйден тыс уақытта болуы үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 6 адам бала тәрбиесі міндеттерін орындамағаны үшін, 4 адам алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру