Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдіктің еңбегін заңсыз пайдаланған солтүстікқазақстандық айыппұл төледі

Шетелдіктің еңбегін заңсыз пайдаланған солтүстікқазақстандық 150 мың теңгеден астам айыппұл төледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріндегі ЖШС директорына ірі көлемде айыппұл төлеуге тура келді. Ол объектілерді салу үшін Өзбекстан азаматтарын заңсыз пайдаланған. ҚР көші-қон заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін пайдалану үшін заңды тұлға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алуы тиіс. Бұдан бұрын да осы жылы бұзушы басқа мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл жолы оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы 3-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша материал жинастырылды. Бұзушы 150 мың теңгеден астам айыппұл төледі.

– Аталған бұзушылық маусымның 27-нен шілденің 4-і аралығында өткізілген “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Фермерлік және шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық кәсіпорындар, құрылыс объектілері, базарлар, вокзалдар мен шетелдіктердің жүруі мүмкін орындар тексерілуде. Мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуы және криминогендік жағдайға оң әсер ету, – деді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметінің бастығы Талғат Әбілов.

Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде әкімшілік жауапкершілікке 190 шетелдік тартылды. Бұдан бөлек, шақырылған шетелдіктермен белгіленген елде болу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР 140 азаматына қатысты материалдар жинастырылды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру