Атырау облысының бас полицейі азаматтарды қабылдады
Бүгін халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қ.Үмбетқалиев онлайн режимде азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған іс-шара облыс тұрғындарының заңнамалық, құқықтық мәселелерін шешуге және полиция қызметі бойынша халыққа кеңес беруге бағытталған.
Қабылдауға келген азаматтардың барлық сұрақтарына Қ.Үмбетқалиев толық түсініктеме беріп, проблемалық мәселелерді шешу үшін бағынысты бөліністердің басшыларына тапсырмалар берді.
Полиция департаментінде азаматтарды онлайн форматта қабылдау тұрақты түрде жүргізілетін болады.