Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз айналымнан қару алынды

Шығыс Қазақстан облысында тергеу изоляторы қызметкерлерінің жедел ақпаратының негізінде заңсыз айналымнан қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымдағы атыс қаруларына қатысты бірнеше жедел ақпарат алған, олардың ішінде төртеуі расталып, заңсыз айналымнан төрт атыс қаруы алынды.

Қазіргі таңда тергеу изоляторында отырған азаматтардың біреуінің бостандықта жүргенде атыс қаруын заңсыз сақтағаны және оның жасырылған жері туралы жедел ақпарат алынып, бұл ақпарат өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде тексеру үшін Риддер қаласының полицейлеріне жіберілген.

Бірлесе өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеу изоляторында отырған азамат көрсеткен мекенжайдан Тула қару зауытынан шығарылған 16 калибрлі “ТОЗ” маркалы екі ұңғылы шолақ аңшы мылтығы тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру