Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлеріне қызметтік пәтер кілттері табысталды

Атырау облысы әкімінің қолдауымен полиция қызметкерлеріне қызметтік пәтер кілттері табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Полициясы күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен полиция қызметкерлеріне жаңа 20 қызметтік пәтер бөлінді. Шараға Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев арнайы шақырылып, қызметтік пәтер иелеріне кілттерін табыс етті.

Айта кету керек, бүгінде жергілікті әкімдік тарапынан ішкі істер органдарының әл – ауқатын нығайту, материалдық қамтамасыз ету, заманауи технологиялармен жабдықтау бойынша үнемі қолдау көрсетілуде. Мемлекет тарапынан ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жабдықталуына және қызметкерлерді әлеуметтік қолдауда көптеген игі шаралар жүзеге асуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру