Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қатаң режимді колонияда қызметтегі ерекше жетістіктері  үшін қызметкерлер Қазақстан полициясы күніне марапатталды

ШҚО-да қатаң режимді колонияда қызметтегі ерекше жетістіктері  үшін қызметкерлер Қазақстан полициясы күніне марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті шығыс Қазақстан облысы бойынша  департаментіне қарасты ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрамы арасынан қызметтегі ерекше жетістіктері үшін төрт бірдей қызметкер мекеме бастығының құқығымен марапатталды.

Қазақстан полициясы күніне орай ОВ-156/14 мекемесінің қызмет барысында ерекше жетістіктері үшін: мекеменің тәртіп бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі әділет капитаны Руслан Төлеутаев пен осы топтың бақылаушысы әділет кіші сержанты Айдана Омарбекова мекеме аумағына кіруге дайындалған тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша көрсеткен ерекше кәсіби шеберліктері үшін марапатталса, сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Дастан Изгутдинов өзінің лауазымдық міндеттерімен қоса заңгердің міндеттерін қоса үздік атқара білгені үшін марапатталып, мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет капитаны Еділ Салимбаев кезекшілік барысында туындайтын сотталғандардың тәртібі бойынша мәселелерді шешу барысында танытқан білгірлігі үшін марапат алды.

– Бүгін марапатталған қызметкерлер үшін мен өзім қуанамын, өйткені олар өздерінің атқарып жүрген қызметтерін адал, тыңғылықты орындай отырып, мекеме қызметін алға жетелейді және ол қызметтерінен өздері ляззат алады. Бұл қызметкерлер үшін басшы ретінде үнемі сенімдімін. Оларды марапаттай отырып, жеке құрам қызметкерлерін де ынталандыратынымды ескере отырып, бүгінгі мақтау қағаздарында олардың жетістіктерінің аталуын талап еттім. Білімді, алғыр, шапшаң, екпінді жастарды тәрбиелеу басшы ретінде менің Отан алдындағы парызым, – дейді мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру