Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер марапатталды

Қызылордалық полицейлер мереке қарсаңында марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Нұрлан Ағаділов бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Полицейлерді марапаттау шарасы басқарманың қызметтік саптық алаңында өткізілді.

ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатымен Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жетекші маманы Бахиткуль Оразбаева қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, қызметте жоғарғы көрсеткіштерімен ерекшеленгені үшін марапатталды.

Өзінің қызметтік міндеттеріне адал қарау және қызметтегі жоғары көрсеткіштері, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кәсібилік пен қырағылық танытқан  басқарманың 263 қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ өзінің кәсіби мерекесінде облыстық Полиция департаментінің грамоталарымен қызметте үздік көрсеткіштері үшін 11 полиция қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру