Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған қызылордалық құрықталды

Түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған қызылордалық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 22 маусымда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне жедел ақпарат түсті. Яғни, 22-23 маусым күндері мекеме қоршауынан сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған затты сырттан лақтырады деген ақпарат белгілі болды. Жедел бөлімінің қызметкерлері  С. Сақтапберген мен А. Көптілеу мекеме аумағына тыйым салған жеткізуші адамды тасалау жерде күтті. 23 маусым сағат 13:00 шамасында қылмысқа әрекеттенген ер адам әуелі мекеме маңайын торуылдап, кейін арам ойын іске асыруға беттеген мезетте мекеме қызметкерлерімен құрықталады.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарласып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған ер адамнан үш дана нығыздалып оралған өткір иісі бар зат және “iPhone 5” маркалы  телефоны тәркіленді. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру