Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері 9 айдың жұмысын қорытындылады

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің төрағалығымен алқа отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департаменттің басқарма, бөлімдерінің басшылары ағымдағы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы баяндап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмаларының орындалу барысы туралы талқыланды.

Мәселен, жиында басшы құрам бүгінде өршіп, кең белең алған интернет-алаяқтық фактілеріне баса назар аударды. Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жұмыстар да жеке қаралды.

– «Полицияның сервистік моделіне” көшу, полиция қызметтерінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен “кері байланыс орнату” мәселелері үнемі бақылауда болады. Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев тапсырған: жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, кадр саясатын жетілдіру, қоғам мен халықтың сенімінен шығатын полицейдің “жаңа форматын” құру міндеттерін орындау кезек күттірмейтін мәселе, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ, Алқа отырысында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды ПД бастығы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, көше-жол желісіне тексеру жүргізуді, жол-пайдалану қызметтерінде бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру