Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғынның көлігінен қаруға ұқсас зат табылды

Шымкенттік полицейлер көлігінде қаруға ұқсас зат алып жүрген жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазан күні түнгі сағат 01:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторларымен “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, Сайрам және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында күмән тудырған Mercedes-Benz маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлік ішінен қаруға ұқсас зат бар екендігі анықталған. Аталған автокөлік иесі Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру