Атырау полицейлері бір аптада 10 мас жүргізушіні жауапқа тартты
Атырау полицейлері бір апта ішінде 10 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15-21 қараша аралығында, яғни бір апта ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 10 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Мысалы, 21 қараша күні сағат 03:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Мечников көшесі 20 үй тұсында ГАЗ-33021-212 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 37 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.