Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында 7 мыңнан астам бейнекамераны онлайн режимде көруге болады

Алматы полициясында 7 мыңнан астам бейнекамераны онлайн режимде көруге болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Жедел басқару орталығында қала әкімдігінің қолдауымен азаматтар көп жиналатын орындардағы жағдайды бақылау үшін бейнемониторинг жүйесі (БМЖ) іске қосылды.

– Оны іске асыру аясында қалада 1 мың сандық бейнекамера орнатылды, оның 120-сы қауіпсіздік бейнеаналитика функциясымен. Жоба Мониторинг орталығын құруды, кез келген бейнекамералардағы ақпаратты көрсету үшін ЖБО мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ бейнекамералармен жазылған оқиғаларды жазу және бекіту үшін ЖБО бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта қарауды көздейді. Осы жобаны жүзеге асыру барысында ПД ЖБО автоматтық режимде әртүрлі бейнебақылау жүйелерінен сигналды қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталады, күзеттік талдау функцияларын дамытады, бұл қолданыстағы бейнекамералардың интеграциясын барынша арттырады, – деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

ПД ЖБО-на 7 018 камера шығарылды. Оның 3 мыңнан астамы ағымдағы жылдың басынан бері Жедел басқару орталығына қосылған.

– Сонымен қатар, оқиға орнына нарядтардың келуін бақылаудың жаңа функциясы енгізілді. Негізгі панельдің жанында арнайы шкала орнатылған. Бақылауды кезекші ауысымның аға қызметкері жүргізеді. Алматы полициясында “Police 102” мобильді қосымшасын енгізу аясында азаматтардың өтініштерін омниканалды қабылдау бойынша операторлардың 20 жұмыс орны бар. Жыл басынан бері “102” қосымшасы арқылы бейнеқоңырау, SMS-хабарлама және аудио хабарламалар режимінде азаматтардың 2 600-ден астам хабарламасы түсті, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру