Атырау полицейлері ерекше балаларды мерекемен құттықтады
Атырау полицейлері ерекше балаларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым балалар мерекесіне орай, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, дәстүрге айналған қайырымдылық жасауды да назардан тыс қалдырған емес.
Осы орайда тәртіп сақшылары Атырау қаласында орналасқан №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында білім алатын ерекше балалардың мерекелік шарасына барып, сыйлықтарын тарту етті.
– Бала қуанса – әлем қуанады. Бүлдіршіндердің күлкісінен асқан бақыт жоқ. Біздің мақсатымыз – балаларға қуаныш сыйлау. Олардың әрбірінің қоғамда өз орнын тауып, тұлға болып қалыптасуларына шын жүректен тілектеспіз, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев.