Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері көпбалалы анаға балаларының құжатын рәсімдеуге көмектесті

Атырау полицейлері көпбалалы анаға балаларының құжатын рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 22 қарашасында Атырау қаласы ПБ ювеналды полиция тобының қызметкері Құрмашев көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде тұратын отбасының алты және 9 жастағы жасөспірім балалары осы уақытқа дейін ешқандай туу туралы куәліктерін жасақтамағанын анықтаған.

Тексеріс кезінде екі баланың да жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан, мектепке де бармайтындығы белгілі болды.

Көпбалалы ананың айтуынша, төрт баласы да Атырау қаласында дүниеге келген, өзі Қарақалпақстан елінен Қазақстанға уақытша қоныс аударған. Үлкен екі баласының құжаты бар. Өзінің куәлігін жоғалтып алғандықтан кейінгі екі баласына құжат жасата алмаған.

Атырау қаласы Полиция басқармасы №1 Полиция бөлімінің ЖПҚБ ЮПТ УПИ Мейірбек Ислямов көпбалалы отбасыға көмек көрсетіп, екі жасөспірімнің туу туралы куәлігін аз уақыт ішінде жасақтауға көмектесті.

Енді балаларының алаңсыз мектепке баратындығына қуанған көпбалалы отбасы полиция қызметкеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру