Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда 120-ға жуық граффити жазуы жойылды

Ақтауда 120-ға жуық граффити жазуы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпан күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазуларды жою бойынша іс-шара өткізді.

Шараға ПД кинологиялық қызмет орталығының арнайы иттермен жұмыс жасайтын қызметкерлері және Маңғыстау облысының Жастар ресурсы орталығының еріктілері қатысты.

Рейд барысында Ақтау қаласы бойынша есірткі сатуға тыйым салынған жарнамасы бар 120-ға жуық жазба жойылды.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті егер осындай заңсыздықтар, оған қоса есірткі жарнамалайтын сайттар анықталған жағдайда, олар заңға сәйкес жойылып, сайттар мен жазуларды жазуға қатысы бар адамдар ұсталып, жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Бұл әрекет үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыратын жауапкершілік түрі көзделген. Сондықтан қандай да бір есірткі жарнамасы мен жазбаларына куә болсаңыз тез арада “102” желісі арқылы хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру