Атырау полицейлерi қарақшыларды құрықтады
Қарақшылық шабуыл қаладағы С.Датов көшесінде орналасқан жанар-жағар май бекеттерінiн бiрiнде болған, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Таңғы 05.40 шамасында жанар-жағар май бекетiне басып кiрген екеу күш қолдану арқылы күзетшi мен кассирдi қорқытып, касса мен сейфке бас салған. Барлығы 268 мың теңгені қолды қылған екеу оқиға орнынан бой тасалаған.
Кылмыс ізі суымай ашылды.1994 жылғы туған Жылыой ауданының тургыны және 1995 жылғы атыраулық екеу қамауға алынды.
Олардан ақша, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 152 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.