Атырауда 11 жастағы баланы қаққан жүргізушіге айыппұл салынды
Жасөспірімнің ата-анасы 11 жастағы баланы қаққан жүргізушіге арыз жазудан бас тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 10 маусым күні сағат 19:40 шамасында Атырау қаласы Құрманғазы көшесінде орналасқан «Infinity club» тұсында, реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында Lada Largus маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі велосид көлік құралын жетектеп реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 11 жастағы жасөспірімге жол бермей, қағып кеткен.
Алайда жасөспірімнің ата-анасының көлік жүргізушісіне қатысты арыз талабы болмауына және де велосипед көлік құралына материалдық шығын келтірілмеуіне байланысты 23 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР-ның ӘКБтК-нің 600-бабының 1-бөліміне сәйкес (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 тенге көлемінде айыппұл салынды.