Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да бұрын сотталған ер адамнан револьвер, тапанша-қалам мен оқ-дәрілер тәркіленді

ШҚО-да бұрын сотталған ер адамнан револьвер, тапанша-қалам мен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап бүкіл республика аумағында “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, оның негізгі міндеттері заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алу болып табылады.

Ағымдағы жылдың 11 маусымында ПД Криминалдық ПБ-ның жедел уәкілдеріне үйінде атыс қаруын сақтайды деген ер адамға қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 26 жастағы жергілікті тұрғыннан оқ-дәрілермен жабдықталған револьвер, сондай-ақ автоқалам ретінде жасырылған қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді.

Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қолдан жасалған қалам – 5,6 мм калибрлі бір оқтаулы тапанша екені анықталды, револьвер 9 мм калибрлі газ патрондарымен атуға жарамды болып шықты.

– Аталған ер адам бұрын сотталған, қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Тергеу органы одан тыйым салынған заттарды табуға байланысты барлық мән-жайларды анықтайды, – деді Шығыс Қазақстан облысы Департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғанннан бері 28 күн ішінде ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 58-ден астам атыс қаруын, оның ішінде түрлі модификациялы және калибрлі шолақ мылтық, тапаншалар мен ойық мылтықтар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру