Атырауда айыппұлы төленбеген 100-ге жуық көлік арнайы тұраққа қойылды
Атырауда айыппұлы төленбеген 100-ге жуық көлік арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 ақпан күні сағат 10:24 шамасында Азаттық-Тельман көше қиылысында патрульдік полиция қызметкерлерімен Армения мемлекетінде тіркеуде тұрған Kia Optima автокөлігі тоқтатылып, аталған автокөліктің 21 жастағы жүргізушісінің соммасы 228 995 теңгені құрайтын төленбеген 11 айыппұлы бар екендігі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көлік айыптұраққа қойылды.
Сонымен қоса, тексеріс барысында аталған азаматтың көлік басқаруға құқығы жоқ екендігі белгілі болды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Жүргізуші құқығы жоқ күйде көлік құралын басқару) әкімшілік хаттама жасақталып 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген 100 жуық жүргізуші анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.