Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Профилактикалық бақылау” іс-шарасы: Павлодарда 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Павлодарда “Профилактикалық бақылау” іс-шара барысында 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында 7 ақпаннан бастап криминогендік жағдайды сауықтыруға, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Профилактикалық бақылау” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

– Барлығы тізімдік және профилактикалық есепте үш мыңнан астам адам бар, бір күнде полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 948 есепке алынған сотталғанды тексерді, барлығы 62 бұзушылық анықталды. 17 қорғау ұйғарымы жазылды. Сондай-ақ, сот 10 адамға қатысты ерекше талаптарды белгіледі. Сотқа шартты-мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға, әкімшілік қадағалау орнату туралы төрт материал жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Аққулы ауданының ПБ “шартты-мерзімінен бұрын босату” есебінде тұрған ауыл тұрғыны 4 ақпанда Павлодар қаласына полиция бөлімі басшылығының рұқсатымен ХҚКО-ға барды. 7 ақпанда Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында патрульдеу барысында аталған тұрғын мас күйінде ұсталды. Тәртіп сақшылары оны Павлодар қаласы уақытша бейімдеу орталығына орналастырды. Ұсталған тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Аққулы ауданының ПБ-не хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру