Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ат мүсініне мініп, оны сындырған азамат жауапқа тартылды

Атырауда ат мүсініне мініп, ескерткішті сындырған азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілде күні сағат 19:50 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына белгісіз адам қоңырау шалып, Сәтпаев көшесі бойында орналасқан ат мүсінінің үстіне алкогольдік ішімдік ішкен азамат мініп, құлатып тастағандығы жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру кезінде, полиция қызметкерлері Сәтпаев көшесінде орналасқан жерге бекітілген ат мүсінінің үстіне мініп, оны сындырып тастаған 1978 жылы туған Орал қаласының тұрғынын анықтады.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес оның орта дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 43 жастағы азамат сот шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру