Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 6 күнде 69 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Түркістан облысында алты күнде 69 шетелдік ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында өткен “Заңсыз келуші-2021” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қазақстан Респбликасына келу, болу және кету ережелерін бұзған 1276 шетелдік пен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың 908-і шетелдік, 368-і ҚР азаматтары. Оның ішінде 69 шетелдік ел аумағынан аластатылса, 71-і қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 770 шетелдіктің саусақ іздері алынып, оның 195-інің ҚР-да болу мерзімдері қысқартылды.

Іс-шара барысында ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен төрт қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шетел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 308, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған -60 Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-бабтарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.

Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру