Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жоғалған мал тұрғынның өз ауласынан табылды

ШҚО-да жоғалған мал тұрғынның өз ауласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде сағат 12-30 шамасында Бесқарағай АПБ “102” жедел арнасына 55 жастағы жергілікті тұрғыны хабарласты. Ол ағымдағы жылдың 10-12 шілдесі аралығында үйінің артқы ауласында орналасқан қорасына заңсыз кіріп, сол жерден бір бас ұсақ-қара малды, яғни қойды жасырын ұрлап кеткен белгісіз біреулерді жауапкершілікке тарту өтінішімен жүгінді. Ер адам келтірілген материалдық шығынды 60 мың теңгеге бағалады.

Оқиға орнына Бесқарағай АПБ жедел-тергеу тобы дереу шықты. “Рэкс” лақап атты қызметтік-іздестіру итін қолданумен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған “қой” өтініш берушінің артқы ауласынан табылды. Белгілі болғандай, мал монша мен қораның арасындағы тар өткелде тұрып қалған екен.

Іздеу операциясының ерекше нәтижесіне таң қалған жануар иесі полиция қызметкерлеріне жедел іс-әрекеттері үшін үлкен алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру