Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда «Автобус» ЖПІШ кезінде бір тәулікте 30-ға жуық әкімшілік хаттама жасақталды

Атырауда «Автобус» ЖПІШ кезінде бір тәулікте 30-ға жуық әкімшілік хаттама жасақталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқықтық тәртіпті қалыптастыру, көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде өз қызметін қолданыстағы заңнаманың шеңберінде тіркемей жүзеге асыратын адамдарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында республика көлемінде 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара басталысымен 1 тәулік ішінде 30-ға жуық қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолда жүру қағидасын бұзғаны анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Мысалы, 21 ақпан күні сағат 22:12 шамасында Берғалиев көше бойында патрульдік полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалдаумен айналысатын УАЗ 3303-01 көлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған көліктің 24 жастағы жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені, сонымен қатар көлік құралын заңсыз қайта жабдықтағаны анықталды.

24 жастағы тұрғынның көлігі арнаулы тұраққа қойылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, 122 520 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру