Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы студенттермен кездесті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау және “полиция қадамдық қолжетімділік” қағидатын іске асыру шеңберінде облыстық полиция басшысы Абай Жусупов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті және С.Бәйішев атындағы университетінің студенттерімен кездесті.

– Бүгін біздің кездесуіміз жастарды құқық қорғау органдары жүйесінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпараттандыруға бағытталған. Полиция қызметкерінің басты міндетіхалықты қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау. Жыл сайын мыңдаған мектеп пен жоғары оқу орындарының түлектері полиция қызметкері боламын деп шешім қабылдайды. Адамдар полицияға өзінің қалауы бойынша келеді. Тәртіп сақшысы басқаларға үлгі болуға міндетті, – деді Абай Жусупов.

Кездесу бейресми форматта өтті, онда студенттер қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.

Студенттерге ІІО қызметіне үміткерлерге қандай талаптар қойылатыны, артықшылықтары мен әлеуметтік кепілдіктері туралы айтылды.

– Туған жерімізде алған білімімізді Отанымыздың игілігі үшін жүзеге асырып, оның әлеуетін дамытуымыз керек, – деді аймақ полициясының басшысы.

Кездесу соңында студенттерге Жедел басқару орталығына шағын экскурсия өткізіліп, оларға полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтауды және азаматтардың қауіпсіздігін бейнекамералардың көмегімен қалай бақылайтынын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру