Атырауда базар өртенді
Атырау қаласындағы "Сарайшық" коммуналдық базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 16 шілде күні сағат 14:52-де Нұрсая мөлтек ауданы, К. Маденова көшесі 1 "А", "Сарайшық" коммуналдық базарының ішінде 50 шаршы метр аумақта үш азық-түлік дүңгіршегінің жануы болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде алты минут ішінде жетті.
Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілерінің дер кезіндегі жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толығымен жойылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.