Медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетілді
Үржар аудандық №2 ауданаралық ауруханасына науқастарға ыдыс-аяқ құралдар мен жаңа матрастар табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы бұрынғы туберкулез диспансері ғимаратында провизорлық-стационарлық орындар ашу бойынша тиісті талапқа сай жөндеу жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты Үржар аудандық №2 пробация қызметінің қызметкерлері және еріктілер мен «Қаби» және «Шөрек» шаруа қожалықтардың басшыларымен бірлесіп Үржар аудандық №2 ауданаралық ауруханасына науқастарға ыдыс-аяқ құралдар мен жаңа матрастар табыс етілді.
– Біз кез келген көмекке алғысымызды білдіреміз. Себебі, дәл қазіргі уақытта қолдау қажет. Әлі де қорғаныс кұралдары, респираторлар жетіспейді. Кейбір дәрі-дәрмектер түрлерінің тапшылығы да байқалады. Қиын-қыстау сәтте медицина қызметкерлері қолдаусыз қалмайды. Жақында Айгүл Мерғалиқызымен Үржар аудандық №2 пробация қызметінің өкілдері жолығып, көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдіріпті. Бүгін сол гуманитарлық жәрдемдерін әкеліп отыр, – деді Үржар аудандық №2 ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Айгуль Мерғалиқызы.
– Қазір медицина қызметкерлері күн-түн демей көзге көрінбейтін індетпен күресіп жатыр. Олар алдыңғы шепте жүр. Мамандар әр науқасты емдеп шығару үшін барларын салуда. Осыған байланысты біздің пробация қызметінің еріктілерімен ақылдасып,осындай қиын сәтте бүгінгі күннің батырларына көмек көрсетуді жөн деп таптық. Игі шараны жалғастырамыз. Алдағы уақытта да мамандарға қолдау көрсетеміз, – дейді Үржар аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің аға иснпекторы Дидар Баженов.
Бұл правизорлық стационар шілденің 14-і күні ашылды. Емдеу мекемесі 50 орынға шақталған. Қазір мұнда тоғыз науқас ем қабылдауда. Әр бөлмеге 2 екі адамнан жатқызылыпты.
Молодцы