Атырауда бір отбасыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Атырауда бір отбасыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақат ауданы Доссор кентінде 31 мамыр күні түнгі сағат 01:10 шамасында Toyota Sequoia көлігін тізгіндеген 1988 ж.т., жүргізуші жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 ж.т., бір отбасының төрт адамын қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.
– Іс бойынша жүршізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.