Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Қызметкерлердің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды

Қызметкерлердің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үш жылға арналған Жол картасы қабылданды. Ол бойынша мынадай нәтиже бар. Қызметкерлердің штаттық саны 13 жарым мыңға қысқарды, 106 басқару бөлімдері мен 1 483 басшылық лауазымдар таратылды. Бүгінде полицейлердің саны 100 мың тұрғынға шаққанда 471-ден 369-ға дейін азайды.

– Бұл еуропалық елдермен сәйкес келеді. Әкімшілік шығындар азайды. Жұмыс үшін қажетті жағдайлар жасалды: әлеуметтік қорғау, тұрғын үй жағдайлары жақсарды, қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Қызметкерлерді оқыту жүйесу қайта қаралды. Қызметке қабылдау талаптары күшейді, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді полицияның жұмысына халық баға береді. Тәуелсіз институттар әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қауіпсіздік деңгейі және халықтың полицияға сенімі бойынша бағалайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру