Атырауда бір түнде екі көлік электр бағанасын соғып құлатқан
Атырауда бір түнде екі көлік электр бағанасын соғып құлатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 тамыз таңғы сағат 06:00 шамасында Exeed LX автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі алкогольдік мас күйде көлік басқарып, Абдрахманов көшесі бойында орналасақан екі электр бағаналарына соқтығысқан. Соққы салдарынан жарақат алған адам жоқ.
Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінен қатынас қағаз күтіліп, тиісті іс құжаттар жинақталуда.
Сондай-ақ 28 тамыз сағат 23:30 шамасында 29 жастағы азамат Daewoo Gentra автокөлігін басқара отырып, Махамбет көшесі бойында жол қауіпсіздігін сақтамай, жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан. Соққы салдарынан жарақат алғандар жоқ.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.