Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар айында ұрланған автомат, граната және басқа да қарулар қоймаға жасырылған – Алматы полициясы

Қаңтар айында ұрланған автомат, граната және басқа да қарулар қоймаға жасырылған. Бұл туралы Алматы полициясы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлер тапты.

Түрксіб ауданындағы Гете көшесінде екі қап қару мен оқ-дәріні анықтады. Барлығы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 20-ға жуық түрі бар: оның ішінде Калашников автоматы, “Штурм” бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон.

Оларға сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру