Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бірнеше мәрте велосипед ұрлаған қала тұрғыны ұсталды

Атырауда бірнеше мәрте велосипед ұрлаған қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен «Велосипед» 12-16 шілде аралығында қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасын өтуде.

Іс-шара кезінде көпқабатты үйлердің дәліздерінен бірнеше мәрте велосипед ұрлаған ер адам анықталып, ұсталды. 26 жастағы қала тұрғынына ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты 11 қылмыстық іс тіркеліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар толықтай тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру