Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Гашиш” сақтаған Семей тұрғыны құрықталды

“Гашиш” сақтаған 25 жастағы Семей тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 маусымында “Карасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Семей қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері құрамында ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған екі түйірді өткізу күдігі бойынша 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Заңсыз сатуға арналған зат куәгерлердің қатысуымен тәркіленіп, мөрленіп, сараптамаға жіберілді. Зерттеу нәтижелері тәркіленген заттың жалпы салмағы 13,64 грамм болатын “гашиш” есірткі құралы екенін көрсетті.

– Тергеу барысында қаскүнем есірткі заттарының партиясын сатып алғаны анықталды. Ер адам оны барынша аз дозаларға бөліп, кейіннен өткізу мақсатында өзімен бірге сақтаған, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс шеңберінде есірткі жеткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да қатысушыларын анықтау бойынша полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру