Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бопсалаумен айналысқан азаматша қолға түсті

Атыраулық полицейлер бопсалаумен айналысқан азаматшаны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының 51 жастағы тұрғыны бір әйелдің өзін қорқытып, 50 000 теңге талап еткендігі жөнінде арызданған. 32 жастағы азаматша ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп ақша бопсалаған.

Күдікті азаматша 19 қаңтар күні Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан жәбірленушіден талап еткен ақшасын өзінің есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні қылмыс үстінде құрықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру