Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен аудан тұрғындары әшкереленді

Қызылорда облысында ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен аудан тұрғындары әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне өткен жылдың 17 желтоқсанында 42 жастағы кент тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында 17 желтоқсан күні сағат 19:00 шамасында белгісіз біреулердің үйінің терезесінен кіріп, жатын бөлмесіндегі сөреден алтын бұйымдарын және құжаттары салынған сейфін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аудандық полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасауға қатысы бар бұрын сотты болған 20 және 24 жастағы азаматтар анықталып, ұсталды. Олар осы ауданның тұрғындары болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру