Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында жастармен кездесу өтті

Атырау облысының полициясы деструктивті діни ағымдар ықпалының алдын алу мақсатында жастармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі – деструктивті идеологиялардың таралуы. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді. Деструктивті діни ағымдар дегеніміз – азаматтардың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.

Осы ретте Атырау облысы полиция департаменті экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері теолог мамандарымен бірлесіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, кереғар діни ағымдар ықпалының алдын алу мақсатында ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының жеке құрамына және Атырау политехникалық, агротехникалық колледж студенттеріне жиын өткізді.

Кездесуде ел аумағында миссионерлік қызмет жүргізіп, тыйым салынған уағыз насихаттар тарату ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы (БАҚ өнімін, сол сияқты өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатыны жөнінде айтылып, кеңінен түсінік берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру