Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 1500-ден астам жүргізуші көліктерінің терезесін қараңғылағаны үшін жазаланады

Павлодар облысында 1551 жүргізуші көліктерінің алдыңғы терезесін қараңғылағаны және көруді шектейтін қосымша заттарды орнатқаны үшін жазаланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазда қала жолдарында күңгірт түсті терезе орнатқан көліктер жиі кездеседі. Көптеген автокөлік иелері жол ережелерін елемейді және пленканы алдыңғы бүйір әйнектерге жабыстырады. Полиция мұндай көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғанын атап өтті.

– Рейдтік іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері ЖҚЕ бұзған автокөлік жүргізушілерін тоқтатады. Көлік құралының кабинасының немесе салонының алдыңғы немесе алдыңғы бүйір әйнектеріне күңгірт түсті пленканы жапсыруға тыйым салынады, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Тек демалыс күндері облыста жүргізуші орнынан көрінуді шектейтін қосымша заттарды орнатқан 11 жүргізуші тоқтатылды. Мысалы Екібастұз қаласында Сәтбаев көшесінің бойында алдыңғы шыныларына пленка түріндегі қосымша заттар орнатылған Audi автокөлігі тоқтатылды.

Полицейлер үнемі автокөлікке реңді шыны қолдануға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бірақ соған қарамастан кейбір жүргізушілер әлі де ережелерді бұзып жатыр. Полиция барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, әрқайсысына айыппұл салынғанын атап өтті. Күңгірт пленкалар және жүргізуші орнынан көрінуді шектейтін қосымша заттар орнында жойылды.

Полицейлер мұндай жабынды қолдану көрінуді айтарлықтай төмендететінін еске салды. Реңді шыны болмаған жағдайда, автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні жолда кем дегенде 100 метр қашықтықта көре алады, ал болған жағдайда бұл қашықтық 35-70 метрге дейін төмендейді. Жолда жоғары жылдамдықпен жүргенде бірнеше секунд ішінде көлік ондаған метрді жүріп өткен кезде, жүргізушінің көру қашықтығының өзгеруі жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупінің көрсеткішіне теріс әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру