Атырауда ер адам тұрғынның үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кетті
Атырауда ер адам тұрғынның үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қараша күні Атырау ҚПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, күндіз үйінің терезесін ығыстырып ашып, алтын бұйымдарын ұрлап кеткені жөнінде хабарлаған.
Атырау ҚПБ-ның №1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті – 37 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Тергеу барысында жас жігіт үй иесінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымдары мен гауһар тасын ұрлап, жәбірленушіге 580 мың теңге залал келтіргені анықталды.
Ер адам ұрлаған алтын бұйымдарды Атырау қаласындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен тергеу жүргізілуде.