Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мас жүргізуші полицейден қашпақ болды

Түркістан облысында жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, қайта мас күйде көлік айдап, полицейге қарсылық көрсеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының ЖПҚ ППБ инспекторы Мұхтар Есалиев, өзінің күнделікті қызметін атқару кезінде мас жүргізушіні ұстады. Яғни түнгі сағат 00:45 шамасында полицей Шымкент-Самара тас жолы бойынша жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан “Ауди” маркалы автокөлікті байқап, жүргізушіге тоқтауға белгі береді. Алайда жүргізуші полицейге бағынбаушылық танытып, қаша жөнеледі. Полицей жүргізушінің соңынан қуып жетеді. Содан тәртіп сақшысы көлік иесінің құжаттарын тексеру кезінде, бірнеше олқылықтарды анықтайды. Оның ішінде жүргізушінің 2020 жылы Түркістан қалалық мамандандырылған сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болады.

Полицейлер кезекті рет мас халде ұсталғаны нәтижесінде “Ауди” жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабымен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын басқаруға жіберу) тергеу амалдарын жүргізуде. Ал әкімшілік жауапкершілігін қарастыру бойынша бес хаттама толтырды. Олар: ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) Дыбыс сигналдарын пайдалан, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзу), 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына өту), 613-бабы (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) және 606-бабы (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы), оған қоса 230-бабы (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу).

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру