Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында ауа райы өзінің тосын мінезін танытып, күннің бірден суытуымен жұртты әбігерге салуда. Облыстың кейбір аумақтарында қалың қар жауып, жел ұйытқуда. Үздіксіз соққан ақ түтек боранның салдарынан республикалық маңызы бар жолдарда көліктер көптеген қиындықтарға тап болды. Сондықтан осындай жайттарды ескерген Түркістан облысыню полиция қызметкерлерінің жеке құрамы жолға шыққан және жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жұмылдырылды.

Мәселен Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері “Тараз-Шымкент” тас жолы бойында қалып қойған “ВАЗ 2106” маркалы автокөлікті байқап, дереу жанына барды. Содан қарға батып, жолы жабылып қалған жеңіл көлікті өздерінің қызметтік көліктерімен сүйреп, тегіс жолға шығарды.

– Жолда қалып қойған едім. Полиция қызметкерлері көмектесті. Рақмет. Алла разы болсын! Осындай жанашыр, қамқор полицейлер көбейе берсін!, -деп ризашылығын жеткізді жолда қалып қойған жүргізушінің бірі.

Сондықтан құрметті жүргізушілер, мүмкіндігінше алыс жолға мүлде шықпаңыздар. Қысқы маусымда міндетті түрде көліктеріңізді мезгілге сай дөңгелектермен жабдықтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру