Атырауда гарнизондық жиын өткізілді
Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев гарнизондық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығы тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындықтарын тексерді.
Қамза Үмбетқалиев жеке құрамға қызметтік этиканы бұлжытпай сақтау және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілеріне жол бермеу туралы баса айтты.