Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғын жолдағы бассыздығы үшін әкімшілік қамауға алынды

Павлодар облысында жүргізуші ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 26 қарашада сағат 13.00-де Павлодар қаласы Ткачев көшесіндегі 18-үйдің тұрғындары полицияға қоңырау шалып, түрлі бұрылыстар жасай отырып, үлкен жылдамдықпен жүрген көлік жүргізушісінің іс-әрекеттеріне алаңдаушылық танытқан. Шақыру бойынша оқиға орнына келген полицейлер “Mercedes-Benz” автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін анықтады. Павлодарлық тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық)  бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Павлодарлық азаматтың айтуынша, ол көңіл көтеру үшін қатты жылдамдықпен жүрген. Сот қаулысы бойынша тәртіп бұзушы екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Өз кезегінде тәртіп бұзушы өз әрекеттері үшін Павлодар қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру