Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД арулары бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері​ Мамандырылған балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеменің нәзік жанды қызметкерлері Балалар үйінің бүлдіршіндеріне үй жылуын сезінсін деген мақсатпен өз қолдарымен тәтті бәліш, торт пісіріп,  жеміс-жидек, азық-түлік пен киім-кешек ​ апарды.​ ​

Қазіргі таңда Балалар үйінде туылғаннан бастап бес жасқа дейінгі жас аралығындағы 66 бала тұрады. Мұнда көбінесе ата-аналары бас тартқан немесе ата-ана құқықтарынан айырылған азаматтардың балалары тәрбиеленуде.

– Біз бұл көмекті балаларға қуана көрсетеміз, өйткені Жаңа жыл қарсаңында әрбір адам ғажайыпты күтеді. Егер біз бүлдіршіндерге көмектесе алсақ немесе олардың өмірлерін  жақсарта алсақ, онда мақсатқа қол жеткізгендігіміз. Барлық мейірімге мұқтаж адамдардың арасынан біз жас сәбилерге келуді шештік, себебі​ олардың еліміздің болашағы, тірегі екендігін ұмытпауымыз қажет, – деді мекеме бастығы Ролан Жумажанов.

Бұл Семей қаласында орналасқан  қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлері қатысқан алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Қызметкерлер қайырымдылық акцияларына үнемі қатысып отырады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру