Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды
Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Атыраудан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қалалық Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол Атырау қаласында уақытша тұру үшін тіркелмек болып, Халыққа қызмет көрсету орталығына барады. Оның құжаттарын тексеру барысында көші-қон полицейлерімен халықаралық іздеуде тұрған азамат екендігі анықталады.
32 жастағы ер адам Мордовия Республикасында РФ ҚК 291-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталған, бір жыл бұрын құқық қорғау органдары оған халықаралық іздеу жариялаған.
Қазіргі уақытта, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы алынды.