Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ішкі істер органдарына айрықша үлесін қосып жүрген тәртіп сақшылары марапатталды

Атыраулық полицейлер Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында өткен мерекелік кеш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасалды. Салтанатты шараны Атырау облысы Полиция департаменті Қамза Үмбетқалиев құттықтау сөзімен ашты.

– «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес 1 желтоқсан – мемлекеттік мереке – еліміздің Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстанды еркін, демократиялық, егеменді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындады. Мемлекет біздің азаматтарымыздың үйлесімді және жан-жақты дамуын, олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, ұлтаралық келісімді сақтау және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасады. Осының барлығы халқымыздың еңбекқорлығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті Қамза Үмбетқалиев.

Мерекелік шара барысында ішкі істер органдарына айрықша үлесін қосып жүрген тәртіп сақшылары ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау жедел хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, шара кезінде Атырау облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Ермұханов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, оның маңызы туралы баяндама оқыды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру